Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай мектебімiздiң 10 сынып оқушысы Киреева Наргиз атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қ.К.Киреевке "Жеңіс хатын", Жеңіс үшін алғыс айтатынын жазды.

#ерлiкұмытылмайды

#жеңiсхаты

#ҰОС75

 

Жеңіс хаты!

 

(Хат атам Киреев Қойшыбай Киреевичке арналады)

 

Бәрімізге белгілі сонау 1941-1945 жылдар аралығында ең қатігез,сұрапыл,қанша адамның көз жасы тамған соғыс болды. Әр отбасының ең қайратты, шаңырақтың басшыларын соғысқа алып кеткен болатын.Сол ерлердің арасында ата, сіз де барсыз....

 

Құрметті ата! Сұрапыл соғыстың аяқталғанына міне 75 жыл толып отыр.Бұл Жеңіс – сол кездегі Кеңес халқының Сіз сияқты ұлдарының ержүректілігін, қайсарлығын, батырлығын, отансүйгіштігін паш ететін,тарихта мәңгілік алтын әріптермен жазылып қалатын күн.

 

Ата , сіздің ерлігіңізді әкем үнемі мақтан тұтып айтып отырады.Сіз Киреевтер әулетінің мақтанышысыз. Сіз Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ер-азаматтармен бірге қолыңызға қару алып, жаумен шайқасып,ерлік көрсеттіңіз. Бүгінгі ұрпақты осы алаңсыз бақытты да, тыныш өмірге жеткізген сіздер. Сізге сол үшін мың алғыс! Сіздің Отан алдындағы,келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын. Бірақ қазір сіз бізбен емессіз.

 

Уақыт зымырап өтіп жатыр.

 

Уақыт өткен сайын заман өзгеруде....бірақ өткен өмір тарихы,сіздің ерлігіңіз менің жадымда мәңгі қалады,тек менің ғана емес,бүкіл әлем адамдарының неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндіргенімен,екінші дүниежүзілік соғыс,қаншама адамзаттың қипапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгі есімізде қалады.Әр ардагердің Отан алдындағы,келешек ұрпақ алдында жасаған ерліктері, батырлықтары үшін мың алғыс! Қанша алғыс айтсақ та,көп болмас.

 

Бізге ашық аспанның жарқын өмірін сыйладыңыз. Сондықтан да,Ата, мен сізді мақтан тұтамын! Сізбен мақтанамын,сізді әрдайым есімде сақтаймын, ұмытпаймын, қадірлеймін.....

 

Жеңіс үшін рахмет! Сізге мың алғыс!